Алматы хайуанаттар бағының маңында қос көлік бетпе-бет соқтығысты: Damas аударылып, төрт адам зардап шекті

Алматы хайуанаттар бағының маңында қос көлік бетпе-бет соқтығысты: Damas аударылып, төрт адам зардап шекті, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2026 16:50 Сурет: Zakon.kz.
Бүгін, 2026 жылғы 30 қазанда Алматы хайуанаттар бағының бойымен өтетін Аппорт көшесінде Mitsubishi Lancer және Daewoo Damas автокөліктері бетпе-бет соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соққыдан Damas көлігі жол шетіне қарай ұшып кетіп, бүйірімен аударылған. Көлік салонында хайуанаттар бағының төрт қызметкері болған. Алдын ала мәлімет бойынша, олар жұмыс бабымен жолға жаңа шыққан.

Алматы хайуанаттар бағының маңында қос көлік бетпе-бет соқтығысты: Damas аударылып, төрт адам зардап шекті, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2026 16:50

Сурет: Zakon.kz.

Алматы хайуанаттар бағының маңында қос көлік бетпе-бет соқтығысты: Damas аударылып, төрт адам зардап шекті, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2026 16:50

Сурет: Zakon.kz.

Жол апатынан зардап шеккен төрт адамның барлығы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Олардың кейбіріне соғылу, ал енді біріне сүйек сынуы диагнозы қойылған. Mitsubishi Lancer жүргізушісіне медициналық көмек қажет болмаған.

Алматы хайуанаттар бағының маңында қос көлік бетпе-бет соқтығысты: Damas аударылып, төрт адам зардап шекті, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2026 16:50

Сурет: Zakon.kz.

Алматы хайуанаттар бағының маңында қос көлік бетпе-бет соқтығысты: Damas аударылып, төрт адам зардап шекті, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2026 16:50

Сурет: Zakon.kz.

Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Олар жол-көлік оқиғасының (ЖКО) мән-жайын және жүргізушілердің әрқайсысының кінә дәрежесін анықтауы тиіс.

Еске салайық, 28 қазанда Астанада автобус қатысқан жол апатынан төрт адам зардап шеккені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: