Ер адам Текелі тауларында аюмен бетпе-бет кездесті
Сурет: pixabay
Жетісу облысының Текелі қаласы маңындағы тауда ер адам аюмен бетпе-бет келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Күтпеген әрі үрейлі кездесу түсірілген видеоны Владислав есімді қолданушы Instagram парақшасында жариялады.
"Текелі тауларындағы кәдімгі кеш қайғылы жағдаймен аяқтала жаздады. Сиырларды алып келуге барған едім, бірнеше метр жерден нағыз аюға тап болдым. Зәрем ұшып, қолыма қоңырауларды ұстап тұрып қалдым. Нағыз шок", – деп жазды ол видеоның сипаттамасында.
Кадрлардан аюдың видео авторына жақын жерде қарап тұрғанын көруге болады. Ер адам алдымен ақырын ғана: "Міне, аю", – дейді. Кейін оған: "Кет әрі!" – деп айғайлайды.
Владислав жазбаның астындағы пікірінде:
"Аю маған қарады, мен оған қарадым... Ақырында екеуіміз де әзірге қарнымыз аш емес деп шештік. Ал сіздер менің орнымда болсаңыздар не істер едіңіздер: қашасыздар ма, қимылсыз тұрасыздар ма әлде айғайлайсыздар ма?" – деп жазды.
Соңғы уақытта Қазақстанда аюлармен кездесу туралы ақпарат жиі тарай бастады. Мәселен, Риддерлік фотограф Иванов жотасы маңында бір күннің ішінде 11 аюды санаған.
Ал шілде айында аю Риддердің 58 жастағы тұрғынына шабуыл жасаған еді. Кейін ер адам жыртқышпен арпалыс кезінде аман қалуына не көмектескенін айтып берді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript