Қазақстанның оңтүстігінде қуаңшылық қаупіне байланысты күріш пен мақта егісі қысқаруы мүмкін

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов 2026 жылғы 13 қаңтарда Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның оңтүстігіндегі қуаңшылық қаупі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, алдағы вегетациялық кезеңде елдің оңтүстік өңіріндегі өзен бассейндеріне келетін су көлемі азаюы мүмкін. Мұндай жағдайда диқандар суды үнемдейтін технологияларға көшуі тиіс. Сонымен қатар, егістік алқаптарының құрылымын қайта қарау жоспарланып отыр.

"Мысалы, Қызылорда облысында күріш егісін 70 мың гектарға дейін қысқарту қажет. Түркістан облысында күріш небәрі 3,5 мың гектарға ғана егілуі тиіс, ал өткен жылы бұл көрсеткіш шамамен 16 мың гектар болған. Мақта егісі бойынша да осындай шектеулер болады. Шаруалар бұған дайындалуы керек: вегетациялық кезең басталғанда біз қолымыздағы су лимиттеріне сәйкес келісімшарттар жасаймыз", – деді Нұржан Нұржігітов.

Бұған дейін министр су тапшылығы – күзгі-қысқы жауын-шашынның азаюы, мұздықтардың еріп, ағынның қысқаруы және климаттың өзгеруі салдарынан туындап отырған объективті жағдай екенін атап өткен еді.

Ал 2025 жылғы 9 желтоқсанда Премьер-министр Олжас Бектенов Су ресурстары және ирригация министрлігіне суармалы судың бекітілген лимиттен артық берілуіне жол бермеуді тапсырған. Ал 24 желтоқсанда Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Қызылорда облысында және жалпы ел бойынша күріш тапшылығы болады деген ақпаратты жоққа шығарған.

Түркістан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды