Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді

Сурет: pixabay
Синоптиктер 2026 жылғы 17 қаңтарда Қазақстанның алты қаласында ауаның ластану деңгейі жоғары болатынын ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2026 жылғы 17 қаңтарда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Көкшетау, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, түнде Петропавл қалаларында күтіледі", делінген синоптиктер хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Қала тұрғындарына сыртта, әсіресе тас жолдар мен басқа да ластану көздері маңында ұзақ болмауға кеңес беріледі. Сондай-ақ созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге ала жүру ұсынылады.

Бұған дейін Қазақстанның 12 облысында 17 қаңтарда дауылды ескерту жарияланған болатын.

Петропавл
Өскемен
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды