Қарағанды облысында полиция жоғалған азаматтарды іздеп тапты

Сурет: видео скрині
17 қаңтар күні сағат 11:45-те полицияның кезекші бөліміне Абай ауданы Юбилейное ауылдық округінде екі адамның із-түзсіз жоғалғаны жөнінде хабарлама түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, 16 қаңтар күні кешкі уақытта олар Toyota Land Cruiser автокөлігімен Қварц қыстауынан Айда қыстауы бағытына мал іздеуге шығып, кейін байланысқа шықпаған.

Іздеу жұмыстары барысында жоғалған азаматтардың туыстары Айда қыстауының маңынан автокөлікті тапқанымен, салонда адамдар болмаған. Осыдан кейін полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын ұйымдастырды.

Іздеуге төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары тартылып, қол жетуі қиын аумақтарды барлау мақсатында ТЖД тікұшағы қолданылды. Сондай-ақ еріктілер тобы жұмылдырылды.

Бірлескен іздестіру шараларының нәтижесінде 39 және 68 жастағы азаматтарды полиция қызметкерлер аман-есен тапты.

Қазіргі уақытта олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды