Әлеуметтік желіні балалардың пайдалануына шектеу қойылуы мүмкін

Фото: pexels
Қазақстанда балалардың әлеуметтік желіні пайдалануына шектеу қойылуы мүмкін.

Ұлттық құрылтай отырысында Мәжіліс депутаты Сергей Пономарёв балалардың ойлау қабілеті нашарлап, аналитикалық дағдысы дамымай жатқанын алға тартып, онлайн платформаларды шектеу туралы ұсыныс айтты, деп жазады qazaqstan.tv.

Құрылтай мүшесі халықаралық тәжірибеге назар аударып, шетелде жасөспірімдердің 14 жасқа дейін, кейбір елдерде тіпті 16 жасқа дейін желіге тікелуге тыйым салынғанын айтты. 

Бұған дейін елімізде 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салатын заң жобасы дайындалған. Құжатты Мәдениет және ақпарат министрлігі әзірледі. Заң жобасы былтыр желтоқсанда қоғамдық талқылауға шығарылған еді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды