Министрдің сөзінше, бұл мәселе жүйелі түрде зерттелген. Осы мақсатта Жамбыл облысында 100 мектеп кездейсоқ іріктеліп, тексерілген.
"Тексеру қорытындысы бойынша облыс әкімі мен Ішкі істер министрлігі өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізілді. Бұл мәселе бақылауда. Мектептердегі буллингке қатысты түйткілдер бар, алайда біз заңнамалық деңгейде бірқатар жүйелі шаралар қабылдадық. Соның бірі – 111 байланыс орталығы. Буллингке ұшыраған әрбір бала осы нөмір арқылы көмекке жүгіне алады", – деді Сүлейменова.
Сонымен қатар министрдің айтуынша, 2027 жылдан бастап педагог-психологтердің жұмысы жүйелі түрде жетілдіріледі.
"Қазіргі таңда педагог-психологтерге балалармен тікелей жұмыс істеуге бар болғаны бір сағат қана бөлінеді. Бүгін қандай да бір үдерісті енгізіп, ертең немесе бір айдан кейін бәрі бірден жақсарып кетеді деп айта алмаймыз. Дегенмен бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр", – деп толықтырды министр.
Еске сала кетейік, 2025 жылғы қараша айында Түркістан қаласында кеуде тұсынан соққы алған мектеп оқушысы көз жұмған болатын.