Мемлекет басшысы: Волонтерлер – пандемия мен су тасқынында ерлік көрсетті

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 30 қаңтарда Волонтерлер форумында сөз сөйледі. Онда президент сын сағаттарда волонтерлер кез келген шаруаға зор жауапкершілікпен қарап, белсенді жұмыс істегенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы волонтерлердің еңбегін атап өтті.

"Пандемия кезінде еріктілердің ерлігіне бүкіл ел куә болды. Күрделі кезеңде мыңдаған волонтер алдыңғы шепте еңбек етті. Олар дәрігерлерге, тәртіп сақшыларына, мұғалімдерге, мұқтаж жандарға көмектесті",- деді ол.

Сонымен қатар, қарғын су кезіндегі ерліктерді де еске алды.

"Алапат тасқын кезінде еріктілер құтқарушылармен бірге ортақ іске атсалысты. Апат күндері 50 мың волонтер табанды жұмыс істеді. Жалпы, мұндай мысалдар аз емес, көп. Халқымыз "Жақсыны ісінен таны" деген. Сіздер қазақтың мейірбан ұлт екенін іс жүзінде көрсетіп жүрсіздер. Баршаңызға мәлім, мен Мемлекет басшысы ретінде еріктілер қозғалысына ерекше мән беремін",- деді президент.
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Темірлан Анарбековтың сейві "Қайратты" Чемпиондар лигасы іріктеуінің үшінші кезеңіне шығарды

Бейнекамералар мен жол қауіпсіздігі: ІІМ ұсынуынан кейін қандай шаралар қабылданды

Самара – Шымкент тас жолында жантүршігерлік жол апаты болып, үш жұмысшы қаза тапты

Алматыда алғаш рет электр самокаттарды орналастырудың бірыңғай ережесі енгізіледі

Зауытбек Тұрысбеков туралы бір үзінді сыр