Қазақстанда сотталғандардың еңбекпен қамтылуы қалай жүзеге асырылады

Фото: Zakon.kz
2 ақпанда Қазақстан Ішкі істер министрлігінде қылмыстық-атқару жүйесінде еңбекпен қамтуды және кәсіптік оқытуды дамыту жолдары туралы айтылды.

Қазіргі уақытта қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандарды жұмыспен қамтуға ерекше көңіл бөлінеді.

Ведомство мәліметінше, бостандыққа шыққаннан кейін мамандықтың және тұрақты табыстың болмауы көп жағдайда құқықбұзушылықтың қайталануына себеп болады. Осыған байланысты қылмыстық-атқару жүйесінде еңбекпен қамту мен кәсіптік оқытудың тетіктері жүйелі түрде дамытылуда.

Бұл жұмыс Ішкі істер министрлігіне қарасты "Еңбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қатысуымен жүргізіледі.

Бүгінде мекемелер аумағында шамамен 130 кәсіпорын жұмыс істейді. Олар – жеке кәсіпкерлер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер. Бұл өндірістер ағаш өңдеу, металл өңдеу, шағын сәулеттік нысандар жасау салаларымен айналысады. Сонымен қатар ішкі қажеттілікке арналған сүт өндіру, шырын және нан-тоқаш өнімдерін шығару жолға қойылған, наубайханалар бар.

Қазіргі таңда Қазақстанда қылмыстық-атқару жүйесінің 78 мекемесі жұмыс істейді, оның ішінде 16 тергеу изоляторы бар. Бұл мекемелерде еңбекке жарамды шамамен 23 мың сотталған адам бар. Соның ішінде 18 мыңнан астамы еңбек қызметіне тартылған.

Мекемелер аумағында әртүрлі өндіріс түрлері ұйымдастырылған. Кәдесыйлар мен ыдыс-аяқтан бастап балалар және ойын алаңдарына арналған құрылымдарға дейін шығарылады. Тігін өндірісі дамыған: мемлекеттік құрылымдарға да, тұрғындарға да арналған түрлі киім түрлері тігіледі. Құрылыс материалдары – шлакоблок, кірпіш, газоблок өндіріледі. Жиһаз жасау кеңінен жолға қойылған. Сондай-ақ көкөніс өсірілетін жылыжайлар бар. Бұдан бөлек, ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрастыруға арналған ангар ашылған.

Бұған дейін Абай облысындағы ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде сотталғандардың бірі екіншісіне дене жарақатын салып, салдарынан жәбірленуші көз жұмғаны белгілі болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді