Қазақстанда микрокредиттік ұйымдарға біркелкі талаптар енгізіледі

Фото: pixabay
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Микрокредиттік қызметті жүзеге асыру жағдайларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" қаулы жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоба микрокредиттік ұйымдардың тұтынушыларға қаржылық қызмет көрсеткен кезде адал жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, қаржы өнімдерінің шарттарын айқын көрсетуге және тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған біркелкі талаптарды енгізуді көздейді.

Агенттік мәлімдегендей, құжат жүйелі сипатқа ие болып, бұрын қолданылған бес нормативтік актінің тұтынушылармен өзара әрекеттесудің әртүрлі аспектілерін реттейтін нормаларын бірегей етіп біріктіреді.

Жоба тұтынушылармен барлық кезеңде қаржы өнімдері туралы ақпаратты жариялау, жарнама мен цифрлық арналarda ақпаратты көрсету талаптарын бекітеді. Сонымен қатар құжатта жауапты микрокредиттеу қағидалары мен адал жұмыс істеу принциптері, қаржылық өнімнің негізгі шарттарын көрсететін ақпараттық құжатты келісім алдында беру және өнімнің тұтынушыға сәйкестігін бағалау тәртібі енгізілген.

Сонымен қатар құжатта жосықсыз тәжірибелердің түрлері мен белгілері, оларды анықтау тәртібі және қарызды өндіріп алу кезінде жауапты іс-әрекет талаптары, оның ішінде аудио- және бейнежазба жүргізу міндеті қарастырылған.

Агенттік атап өткендей, құжат қабылданған жағдайда микрокредиттік ұйымдардың адал қызметі қамтамасыз етіліп, қаржы өнімдерінің шарттары айқындала түседі, тұтынушылардың құқықтары күшейтіледі.

Қаулы жобасы көпшілік талқылау үшін "Ашық нормативтік құқықтық актілер" порталында 16 ақпанға дейін орналастырылған.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз