МКК хабарламаларынан кейін қазақстандық блогерлер қандай сомаға табысын декларациялағаны белгілі болды

Фото: Zakon.kz
Қазақстанда блогерлер Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен (МКК) алған хабарламалардан кейін миллиардтаған теңге табысын декларациялаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Берілген мәліметке сәйкес, 2025 жылы бақылау қорытындысы бойынша комитет 854 инфлюенсерге (блогерге) 1586 хабарлама жолдаған. Себебі – 2022–2023 жылдары 71,9 млрд теңге көлеміндегі табысты төмендетіп көрсету фактілері анықталған.

"Қазіргі уақытта 622 блогер қосымша салық нысандарын тапсыру арқылы 18 292 000 000 теңге көлеміндегі табысын декларациялады. Есептелген салық сомасы – 875 500 000 теңге", – деп хабарлады МКК баспасөз қызметі 2026 жылғы 3 ақпанда.

Қазақстандық блогерлердің табысын төмендетіп көрсетіп, салық төлемегені жөнінде МКК-дан жаппай хабарлама алғаны 2025 жылғы ақпанда белгілі болған еді. Сол кезде комитет түрлі ақпарат көздерінен алынған деректерді ұсынылған салық декларацияларымен салыстыру нәтижесінде 594 инфлюенсер бойынша 53,3 млрд теңге көлемінде сәйкессіздік анықталғанын мәлімдеген.

21 ақпанда МКК 93 блогерге жіберілген, жалпы сомасы 9,8 млрд теңгені құрайтын 169 хабарламаны кері қайтарғаны хабарланды. Ал 28 ақпанда МКК 12 блогердің 1,4 млрд теңге көлеміндегі қосымша табысын өз еркімен декларациялап, 73,6 млн теңге салық төлегенін мәлімдеді.

13 тамызда Қаржы министрі Мәди Такиев блогерлерге үндеу жасап, кәсіпкерлік қызметті мұқият жүргізуге шақырған болатын.

Қазақстан
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

21 маусымда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Қазақстанда медицина қызметкерлері күні аталып өтіліп жатыр

"Әділет" партиясы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси кағидаттарын жүзеге асыруды қолдайды

Ақтөбе облысында әйел мен екі баланың қазасынан кейін жанармай құю бекетінің иесі ұсталды