Қазақстанда былтыр 43 мыңнан астамнан қатерлі ісік табылды

Сурет: primeminister.kz
Елімізде былтыр 43 мыңнан астамнан қатерлі ісік анықталды, науқастардың жартысынан көбі – еңбекке қабілетті азаматтар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты басқарма төрағасының орынбасары Айша Молдашеваның айтуынша, 2025 жылы елімізде скринингтік бағдарламаларды кеңейтіп, ауруды ерте анықтау көрсеткіші артқандықтан жағдай біршама жақсарып қалған. Диагностиканың сапасы жақсарып, дәрігерлік көмектің тиімділілігі еселенгендіктен барлық өңірде сырқаттанғандардың саны да едәуір өсіпті.

"Қазір ауруды анықтау деңгейі ғана өсіп қана қойған жоқ, онкологиялық ауруларды ерте анықтауға бағытталған жүйелі жұмыстың да арқасы бұл. Бұл емдеуді уақтылы бастауға мүмкіндік беріп, пациенттердің ұзақ әрі сапалы өмір сүру мүмкіндігін едәуір арттырады", – деді Айша Молдашева.

Жалпы онкологиялық ауру бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты болып қалып отыр. Қазақстанда қазір 246 мыңнан астам науқас бар, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 6,6 пайызға көп. Былтыр 43 мыңнан астам жаңа науқас анықталды, олардың жартысынан көбі алғаш рет диагноз қойылған еңбекке қабілетті жастағы азаматтар. Аурушаңдық құрылымында сүт безі обыры, колоректалдық обыр мен өкпе обыры алдынғы орындарды алып отыр, бұл өткен жылдардың көрсеткіштеріне сәйкес келеді.

Спикердің айтуынша, кадрмен қамтамасыз ету жүйенің тұрақтылығына, пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасына тікелей әсер етеді.

Қазіргі уақытта жүйеде онкологиялық бейіндегі 1,7 мыңнан астам маман еңбек етіп жатыр. Дәрігер тапшылығын кезең-кезеңімен азайту мақсатында резидентура арқылы кадрларды жүйелі даярлау мен өңірлік қажеттілікті ескере отырып біліктілікті арттыру бағдарламалары іске аса бастады. Ғылыми ұйымдардың базасында мамандарды оқыту мен қайта даярлау арқылы онкологиялық орталықтарға арналған тұрақты кадрлық қор да қалыптасып жатыр.

"Біз резидентурадан бастап дәрігерлерді, орта медициналық персоналды, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлерді мультидисциплинарлық оқытуға дейін кадрларды даярлау мен біліктілігін арттырудың үздіксіз жүйесін қалыптастырып жатырмыз. Бұл онкологиялық көмектің сапасын кезең-кезеңімен арттырып, оның өңірлерде қолжетімді болуын қамтамасыз етеді", – деп қорытындылады Айша Молдашева.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев: Негізгі заңға жасалатын өзгерістер жаңа Конституция қабылдауды қажет етеді

Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореядағы зауыттағы өрт кезінде жоғалып кетті

Қазақстанның 12 қаласында ауа ластанады

Алматы тұрғыны жаңа Конституция туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жазаланды

Жаңаөзенде ер адам өзінің әйелін өлтірді деген күдікке ілінді - марқұмның артында жеті баласы қалды