Ұлытауда заңсыз кен өндіру фактісі бойынша қылмыстық іс ашылды

Фото: pexels
Ұлытау облысында 4,8 млрд теңге көлемінде марганец кенін заңсыз өндіру схемасы әшкереленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік прокуратураның мәліметінше, Қостанай облысының 50 жастағы тұрғыны 2020 жылдан 2023 жылға дейін лицензия мен жер қойнауын пайдалануға келісімшартсыз "Шығыс Қаражал" кенішінде марганец кенін заңсыз өндірген.

Сонымен қатар, қолма-қол ақшаға айналдыру және жалған мәмілелер жасасу арқылы пайдалы қазбаларды сатудан түскен қылмыстық жолмен табылған ақшалай қаражатты заңдастырған. Аталған кезеңде 16 мың тоннадан астам кен жөнелтіліп, мемлекетке 1,3 млрд теңгеден астам залал келтірілген.

Қылмыстық қызметтің нәтижесінде және өңделген темір-марганец кенін ел ішінде және шетелге сату арқылы 3,5 млрд теңгеден астам пайда тапқан.

Ұлытау облысы сотының үкімімен кінәлі адам 5 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылып, жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметпен айналысу құқығынан 5 жыл мерзімге айырылды.

Мемлекет кірісіне 4,8 млрд теңге өндіріліп, сондай-ақ қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған 3 жеңіл және 2 жүк автокөлігі тәркіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды