Екібастұзда полицейлер алаяқтардың әрекетін жедел түрде тоқтатты

Фото: Zakon.kz
Полиция қызметкерлері жүргізіп жатқан алдын алу шараларына қарамастан, алаяқтар азаматтарды алдауды жалғастырып, өздерін Горводоканал қызметкерлері ретінде таныстыруда.

Жуырда Екібастұз қаласына қарасты Солнечный кентінің тұрғыны алаяқтардың құрбаны болды.

Алаяқтық схемасы қарапайым: WhatsApp мессенджері арқылы белгісіз адам тұтынушыға оның мекенжайына су есептегіш құралдарын тексеру үшін мамандар жіберілетінін хабарлаған.

Тіркеу үшін ер адамның телефонына келген кодты айту қажет екенін айтқан. Еш күмәнданбастан, ер адам кодты айтып қойған, кейін ғана алаяқтық әрекеттің құрбаны болғанын түсінген. Ол бірден полицияға жүгінді, — деді Екібастұз қалалық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Валентин Бримжанов.

Хабарлама бойынша жұмысты полиция капитаны Аман Садықов жүргізіп, азаматтың қаржылық қаражатын қорғау бойынша жедел шаралар қабылдады. Халық банкінің аға менеджерімен бірлесіп, банк шоттары бұғатталды, онлайн-қосымшалар мен eGov порталы арқылы несие рәсімдеудің алдын алды, сондай-ақ басқа банктерге хабарласып, өтініш берушінің атына қарыз рәсімдеуге жасалуы мүмкін әрекеттерді тоқтатты.

Полиция мен банк қызметкерлерінің үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында алаяқтық дер кезінде тоқтатылып, маған қаржылық зиян келтірілген жоқ. Полицияға көрсеткен нақты әрі жедел көмегі үшін алғыс айтамын. Енді өзімді қауіпсіз сезінемін, — дейді жәбірленуші.

Полиция азаматтарды тағы да сақ болуға, телефон арқылы банк карталарының деректерін, құпиясөздер мен растау кодтарын ешқашан хабарламауға шақырады. Егер сіз алаяқтардың құрбаны болсаңыз, 102 нөмірі арқылы дереу полицияға хабарласыңыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев: Негізгі заңға жасалатын өзгерістер жаңа Конституция қабылдауды қажет етеді

Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореядағы зауыттағы өрт кезінде жоғалып кетті

Қазақстанның 12 қаласында ауа ластанады

Алматы тұрғыны жаңа Конституция туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жазаланды

Жаңаөзенде ер адам өзінің әйелін өлтірді деген күдікке ілінді - марқұмның артында жеті баласы қалды