Атырау облысындағы бірқатар ауылда карантин жарияланды

Фото: akorda.kz
Атырау облысында ірі қара мал арасында жұқпалы инфекциялық ринотрахеит ауруы тіркелді. Осыған байланысты Құрманғазы ауданындағы бірнеше елді мекенде карантин енгізіліп, ветеринарлық бақылау күшейтілді.

Мамандардың мәліметінше, індет Құрманғазы ауданындағы Дыңғызыл, Бөкейхан, Еңбекші және Құрманғазы ауылдық округтерінде анықталған. Аталған аумақтардан малды сыртқа шығаруға уақытша тыйым салынды, деп жазады qazaqstan.tv.

Қазіргі таңда ауру жұқтырған 1407 ірі қара тіркеліп, олардың мыңнан астамы толықтай сауығып шыққан. Қалған малға емдеу шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар сау малға профилактикалық екпе салу басталды.

Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Сайран Ғұднанның айтуынша, карантин жарияланған ауылдарда мал етін сатуға және ветеринарлық анықтама беруге шектеу қойылған.

"Ресей Федерациясы аумағынан мал тасымалының жиілеуіне байланысты аурудың таралу қаупі артты", – дейді маман.

Ветеринар дәрігерлердің хабарлауынша, инфекциялық ринотрахеит негізінен жануарлар арасында таралады, ал адамға жұғу жағдайлары өте сирек кездеседі. Қазіргі уақытта адам арасында ауру тіркелмеген.

Сондай-ақ Құрманғазы ауданымен шектесетін Исатай ауданындағы Зинеден ауылында да 70-ке жуық сиырдың ауырғаны анықталды. Мал толықтай сауығып, барлық ветеринариялық шаралар аяқталғаннан кейін ғана, яғни 30 күн өткен соң карантиндік шектеулер алынады.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 16 қазанға арналған ауа райы болжамы

Тоқаев Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Қазақстанда 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемді арттыру жоспарланып отыр

"Көктайғақ болып, үсік жүреді". Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қызылордада шетелдік көлік қолында нәрестесі бар әйелді қағып, оқиға орнынан ізін суытқан