Алматыда Саин көшесінің бір бөлігі мен Шәріпов көшесінде көлік қозғалысы тоқтатылады
Фото: Zakon.kz
Алматыда Саин көшесін ұзарту жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
17 қазан сағат 07:00-ден 19 қазан сағат 23:00-ге дейін Саин көшесінің Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейінгі бөлігінің шығыс жағында, сондай-ақ Шәріпов көшесінде көлік қозғалысы тоқтатылады.
Бұл учаскелерде асфальтбетон жабындысын төсеу жұмыстары жүргізіледі.
Жөндеу жүргізілетін аумаққа ескерту белгілері орнатылады. Жүргізушілерден жүру бағыттарын алдын ала жоспарлау сұралады.
Көлік қозғалысына қатысты барлық шектеу туралы ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс Карты" қосымшаларында жарияланады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript