Президент: Жаңа Конституция жобасы – мемлекет дамуының жаңа кезеңі

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция жобасы жөнінде пікір білдірді.

Мемлекет басшысы Конституциялық комиссияның он отырысы өткенін атап өтіп, "Ата Заңға жекелеген өзгеріс енгізу жеткіліксіз, қазіргі жағдайда жаңа Конституция қабылдаған жөн" деген қорытындыға келінгенін айтты.

"Қаңтар айында жаңа Конституцияның алғашқы нұсқасы жарияланды. Бұл бастама қоғамның айрықша назарын аударды. Мен мұны өте жақсы үрдіс деп санаймын", – деді Президент.

Ол азаматтар Конституция жобасының түрлі баптарын қызу талқылап жатқанын және қоғамның саяси мәдениеті мен белсенділігінің артып келе жатқанын атап өтті.

Мемлекет басшысы жаңа құжаттың принциптеріне де тоқталды.

"Еліміз үшін "Әртүрлі көзқарас – біртұтас ұлт" және "плюрализмге – ашықпыз, экстремизмнен – қашықпыз" қағидаттары өте маңызды. Сол арқылы қоғамдық диалогтің дамуына, еліміздің үздіксіз алға басуына жол ашылады. Қазірдің өзінде бір нәрсені күмәнсіз айтуға болады: жұртшылық назарына мүлде жаңа құжат ұсынылып отыр. Бұл құжат мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түскенін, яғни сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді", – деді Тоқаев.

Президент атап өткендей, жаңа Конституция жобасы "Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" тұжырымдамасына негізделген.

"Соңғы жылдардағы саяси реформаларға кеңінен қарасақ, Қазақстан суперпрезиденттік билік формасынан түбегейлі бас тартып, беделді әрі ықпалды Парламенті бар президенттік республика үлгісіне көшкеніне көз жеткізуге болады. Ұсынылып отырған өзгерістер – осы үдерістің заңды жалғасы", – деді Мемлекет басшысы.

Ол сондай-ақ жаңа Конституция жобасы мемлекетті басқарудың жаңа жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік беретінін айтты.


"Ұсынылған түзетулер билік құзыреттерін қайта бөлуге, тежемелік және тепе-теңдік жүйесіндегі теңгерімді күшейтуге, ең бастысы, барлық саяси институттардың тиімділігі мен орнықтылығын жақсартуға мүмкіндік береді. Жаңа Конституция жобасында "адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін" қағидаты айқындала түсті. Біз 2019 жылдан бері дәйекті түрде осы жолмен жүріп келеміз", – деді Тоқаев.
Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары Дубайдағы жарыстың бірінші күнінде жаппай топ жарды

ЖТС мөлшерлемелері, мүгедектігі бар адамдарға арналған жеңілдіктер: жаңа Салық кодексінде не қарастырылған

Қазан айында Алматыда электр қуатының бағасы өсуі мүмкін

Синоптиктер еліміз бойынша 8 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады

Алматыда ашық аспан астында әскери техникалар музейі ашылды - фоторепортаж