Ұлттық банк халыққа берілетін несие өсімін бәсеңдетуді жоспарлап отыр

Фото: freepik
Қазақстанның Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов 2026 жылғы 10 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында халықтың қарыздану деңгейін төмендету бағытында атқарылып жатқан шараларды баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
"Негізгі сегмент – кепілсіз тұтынушылық несиелер – қарқыны одан әрі төмендеді. Жалпы портфельдің өсімі 2025 жылы 14,6% құрады, ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 29,2% болған. Несиелерді беру қарқыны да едәуір баяулады – 2025 жылы 6,3%, 2024 жылы 22,7% болған", – деді Ұлттық банк басшысы.

Сонымен қатар, ол кепілді тұтынушылық несиелер (29%) және автонесиелердің (30%) өсу қарқыны әлі де жоғары екенін атап, осы несиелердің сапасын Агенттікпен бірлесіп бақылау жалғасатынын айтты.

"2026 жылы халыққа берілетін несие өсімін теңгерімсіздікке әкелмеу үшін қосымша шаралар қабылданады. Біз макро- және микроқаржылық құралдарды қолданамыз. Биыл барлық банктерді біріккен QR-төлем жүйесіне қосып, цифрлық келісім сервисін енгізіп, ірі төлемдер мен несиелерді рәсімдеу кезінде биометрияны кеңінен қолдануды жоспарлап отырмыз. Бұл – алаяқтықтың алдын алу үшін қажет", – деп түйіндеді Тимур Сүлейменов.

Еске салсақ, 2026 жылғы 5 ақпанда Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің шаралары халыққа берілетін несиелердің өсу қарқынын бәсеңдеткені хабарланған еді.

Қазақстан
Сүлейменов Тимур
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Алматыда ер адам бірге ішімдік ішкен танысын пышақтап кетті