Қазақстанда Жасанды интеллект қоры құрылды

Сурет: Zakon.kz
Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев 2026 жылғы 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Жасанды интеллект қорының құрылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Спикердің айтуынша, Жасанды интеллект қоры құрылып қойды, ал оны қаржыландыру Ұлттық банк қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.

"Қазіргі таңда аталған қорды қаржыландыру тетігі пысықталып жатыр. Жасанды интеллект қоры маңызды цифрлық жобалар мен білім беру бастамаларын қолдайды. Жасанды интеллектіні мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларда дамытудың келесі құралы – әлемдік деңгейдегі мамандармен әріптестік орнату. Мемлекет басшысының қолдауымен 01.AI компаниясымен бірлескен кәсіпорын құру туралы шешім қабылданды. Бұл бірлескен кәсіпорын наурыз айында құрылатын болады. Аталған ұйым Ұлттық жасанды интеллект платформасының операторы болып, оның базасында ЖИ-агенттер әзірленеді", – деді Мадиев Президентке сөз арнай отырып.

Оның пікірінше, мұндай тәсіл Қазақстанға алдыңғы қатарлы технологияларға қол жеткізуге мүмкіндік беріп, басқарушылық шешімдерді қабылдаудың тиімділігі мен жылдамдығын айтарлықтай арттырады.

"Цифрландыру мен жасанды интеллект саласында көш бастап отырған елдер бұл бағытқа үш жыл ішінде ЖІӨ-нің 4-6%-ы көлемінде қаржы бөледі. Мұндай инвестициялардың экономикаға қайтарымы 5:1 мультипликаторына ие және жыл сайын ЖІӨ өсімін қосымша 1,5 пайыздық тармаққа дейін арттырады", – деп атап өтті ол.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын Smart City қағидатында дамыту жайлы айтып берді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Леопард пальтосы сәнге қайта оралды

Тоқаев: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатындағы кафе мен мейрамханалар сот шешімімен жабылуы мүмкін

Кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей – Президент