Тоқаев Санаэ Такаичиді құттықтады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичиді құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Санаэ Такаичиді Жапониядағы Парламент сайлауында Либералды-демократиялық партияның жеңіске жетуіне орай құттықтап, жеделхат жолдады.


"Бұл елеулі жетістік – Сіздің парасатты саясатыңыз бен Өзіңіз басқарып отырған партияның маңызды жоспарларына барша отандасыңыз көрсеткен сенімнің айқын дәлелі екені сөзсіз. Халқыңыздың жарқын болашағы үшін сіңіріп жатқан қажырлы еңбегіңіз, қолға алған тың бастамаларыңыз еліңізді бүгіннен де биік табыстарға жетелей беретініне кәміл сенемін", – делінген жеделхатта.

Президент былтыр Жапонияға жасаған ресми сапарын ыстық ықыласпен атап өтіп, өзара уағдаластықтар екіжақты ынтымақтастықты сапалы деңгейге көтергенін жеткізген.

Сондай-ақ қазақ-жапон қарым-қатынастарының жоғары қарқынын сақтап, оны ұдайы дамыту үшін Санаэ Такаичимен бірге күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін растаған.


Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Леопард пальтосы сәнге қайта оралды

Тоқаев: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатындағы кафе мен мейрамханалар сот шешімімен жабылуы мүмкін

Кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей – Президент

Шымкенттік спортшы Софья Берульцева "Парасат" орденімен марапатталды