Жанармай бағасын өсіруге мораторийді алып тастау мәселесі қаралмайды – Энергетика министрлігі

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 11 ақпанда Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев Мәжілістің кулуарында жанармай бағасын өсіруге мораторийді алып тастау мәселесі әлі қаралмайтынын, бұл шешімді оның тоқтатылуы немесе ұзартылуын үкіметтің қабылдайтынын хабарлады, деп жазады Zakon.kz тілшісі.

Баспасөз өкілдері мораторий аяқталғаннан кейін жанармай бағасы қалай өзгеретініне қызыққан.

"Қазіргі уақытта мораторийді тоқтату мәселесі қаралмайды. Мұндай шешім қабылданған жоқ. 16 қазан күні АИ-92 бензині мен дизель отынының бағасын өсіруге мораторий енгізілгендей, ол әлі де өз күшінде. Біз қазір АИ-95 бензинінің бағасын реттемейміз, сондықтан жанармай бағасын көтеру мәселесі бүгінгі күні қарастырылып отырған жоқ", – деп жауап берді Қайырхан Тутқышбаев.

Баспасөз өкілдері бұрын мораторий мерзімі наурыздың соңына дейін деп белгіленгенін еске салғанда, вице-министр мораторийді алып тастау мәселесі әлі күнге дейін қаралмайтынын, шешім үкімет тарапынан қабылданатынын айтты.

Еске салсақ, 2025 жылғы 16 қазанда Қазақстанда АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасын өсіруге мораторий енгізілгені хабарланған.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі