Үкіметте қызылша бойынша эпидемиологиялық ахуал талқыланды

Сурет: primeminister.kz
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен жұқпалы аурулардың таралуына қатысты кеңес өтті.

Онда қызылшаның таралу мәселесі жеке қаралды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен жылда қызылшаға шалдығу деңгейі 2024 жылмен салыстырғанда 85%-ға төмендеген. Сонымен қатар жыл басынан бері ел аумағында қызылшаның 1 951 жағдайы тіркелген. Аурушаңдықтың ең жоғары көрсеткіштері Астана мен Алматы қалаларында, сондай-ақ Жамбыл және Атырау облыстарында байқалады.

Аталған жағдайлардың басым бөлігі 5 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген. Ауруға шалдыққандардың көпшілігі – вакцина алмаған балалар. Оның ішінде екпеден бас тарту себепті егілмегендер де бар екені атап өтілді.

Кеңес барысында қызылша бойынша сырқаттанушылық деңгейі жоғары өңірлердің әкім орынбасарларының баяндамалары тыңдалды.

Премьер-министрдің орынбасары өңірлік штабтар деңгейінде қызылша бойынша эпидемиологиялық ахуалды күн сайын талдап отырудың маңыздылығын атап өтіп, жергілікті жерлердегі басшылардың жеке жауапкершілігіне ерекше назар аударды.

Сондай-ақ профилактикалық екпемен қамту мәселесі жеке қаралды. Бірқатар өңірлерде жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізілмегені айтылды. Әсіресе Маңғыстау облысында негізгі вакциналардың барлық түрі бойынша қамту деңгейі төмен күйінде қалып отыр. Мұндай алшақтықтар инфекциялық аурулардың таралу қаупін күшейтетіндіктен, бастапқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде нысаналы және жүйелі жұмысты күшейту қажеттігі атап өтілді.

Кеңес қорытындысы бойынша Аида Балаева қызылшаға қатысты эпидемиологиялық ахуалды ерекше бақылауға алуды, сондай-ақ халық арасында иммундаудың маңыздылығы жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Бұл бағыттағы жұмысты, ең алдымен, Маңғыстау облысында күшейту қажет екені айтылды.

Қазақстан
Балаева Аида
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қазақстанда вейптердің заңсыз айналымынан 276 мыңнан астам өнім тәркіленді

Көп ұзамай Қазақстан тарихында алғаш рет Құрылтай сайлауы өтеді – Тоқаев

Бейсенбіде еліміздің бірден 14 өңірінде аптап ыстық болатыны болжанады

Ресейлік блогер Қазақстаннан шығарылып, елге кіруіне бес жылға тыйым салынды