"Халықтық Конституция үшін" коалициясының ресми сайты іске қосылды

Сурет: referendum2026.kz
"Әділ әрі прогрессивті Қазақстан үшін Халықтық Конституция" Жалпыұлттық коалициясының ресми сайты жақында өтетін референдум мен Жаңа Конституция жобасына арналған.

Сайт азаматтарға ұсынылып отырған өзгерістерді түсінуге мүмкіндік беретін қарапайым әрі қолжетімді ақпарат көзі болып табылады.

Мұнда негізгі заң жобасының толық мәтіні, өзекті материалдар, сарапшылардың пікірлері және коалицияның өңірлердегі жұмысы туралы жаңалықтар жарияланады.

Сайт құрылымы пайдаланушыларға мазмұнды тез түсінуге және алдағы дауыс беруге байланысты практикалық сұрақтарға жауап табуға ыңғайлы етіп жасалған. Ақпаратты қабылдауды жеңілдетуге ерекше көңіл бөлінген: мүгедектігі бар адамдарға арналған бейімделген нұсқасы және бет параметрлерін баптау мүмкіндігі қарастырылған.

Сонымен қатар, платформадан тақырыптық жарияланымдар, бейнежазбалар және интерактивті форматтар ұсынылады, бұл Конституцияның мәнін және қоғам өміріндегі рөлін жақсырақ түсінуге көмектеседі.

Сайт реформалардың мәнін түсінгісі келетін және саналы шешім қабылдағысы келетін барлық адамдар үшін тексерілген ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Ресурсты құру – коалицияның жұмысын жалғастыру болып табылады. Коалиция құрамына жетекші саяси партиялардың өкілдері мен жүздеген қоғамдық ұйымдар кірген. Бірлестіктің жұмысы елдің барлық өңірінде жүргізіліп, Жаңа Конституция жобасының ережелерін түсіндіруге және қоғамның қатысуын арттыруға бағытталған кездесулер мен қоғамдық диалогтар ұйымдастырылуда.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Мектеп оқушыларының білімін бағалау жүйесін қайта қарау ұсынылды

Англияда жемқор қазақтардың мүлкін тартып алатын заң шығып, у-шу болып жатыр

Дзюдодан Швейцариядағы Grand Slam: Қазақстан құрамасының тізімі

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады - синоптиктер