Рамазан-2026: қасиетті айда оразаны қалай дұрыс ұстау керек және неге тыйым салынады

Фото: freepik
2026 жылы қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталып, 19 наурызға дейін жалғасады. Бұл кезеңде мұсылмандар дәстүрлі түрде ораза ұстайды. Алайда оразаның мәні тек ішіп-жеуден тыйылу ғана емес. Оның түпкі мағынасы – сабыр сақтау, нәпсіні тыю және рухани тазару, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қоғамның мақұлдауы үшін емес

Нәби мешітінің имамы Асхат Өтеповтің айтуынша, ораза – ислам дінінің бес парызының бірі. Оны адал ниетпен өтеген мұсылман Алланың разылығына бөленеді.

"Ораза арқылы адам рухани тазарады, Жаратушының әмірін орындау арқылы иманы нығаяды. Бұл – көзге көрсету үшін емес, шынайы ниетпен атқарылатын құлшылық. Адамның маңдайында ораза ұстап жүргені жазылып тұрмайды. Алла Тағала: "Адам баласының әрбір ісі өзі үшін, ал ораза – Мен үшін, оның сауабын Өзім беремін" деген. Оразаның пайдасы мен сауабы мол, бірақ оның мәнін бәрі бірдей терең түсіне бермейді", – дейді имам.

Ораза келесі дүниелерді қамтиды:

Ораза балиғат жасына толған әрбір мұсылманға парыз. Дегенмен кейбір жағдайларда ұстамауға рұқсат етіледі.

Атап айтқанда:

Ауру, етеккір немесе ұзақ сапар себепті жіберілген ораза күндерін кейін өтеу міндетті.

Ораза ұстау ережелері

Оразаны бұзбайтын жағдайлар:

Оразаны бұзатын жағдайлар:

Тағам таңдау

Күн батқаннан кейін Асхат Өтепов ауыз ашуды құрма мен судан бастауды ұсынады.

Таң атқанға дейін ағзаны жеткілікті мөлшерде сумен қамтамасыз етіп, ақуызға, күрделі көмірсуларға және талшыққа бай тағамдарды тұтынған жөн.

Сонымен қатар майлы, тәтті және ұннан жасалған тағамдарды шектеген дұрыс.

Пітір садақа

2026 жылға арналған пітір садақаның мөлшерін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 735 теңге деп белгіледі. Бұл сома екі келі ұнның орташа бағасына қарай есептелген.

Имамның айтуынша, пітір садақаны Рамазан айында, айт намазына дейін мұқтаж жандарға беру қажет.

Алматы
Шымкент
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды