Іле жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланып, қалпына келтіру жұмыстары қарқын алды, деп жазады qazaqstan.tv.
Ондаған жыл бойы жарыққа жарымаған ауылдарда электр желісі әбден тозған. Былтырғы ақпанда ақүтек боран соғып 27 елді мекен бір күнде қараңғылық құшағында қалды. Жергілікті ауқымда төтенше жағдай жарияланып, желілердің үш шақырымы жөнделді. 1 жылда ауданда 28 трансформаторлық қосалқы станция орнатылып, 33 ажыратқыш қойылған.
Инновациялық құрылғыларға қарасаңыз, барлығы автоматтандырылған. Оған көшу үшін үлкен қаражат қажет. Ең басты мақсатымыз – халықты үздіксіз тоқпен қамтамасыз ету. Кейін сенімгерлікке беруге көздеп отырмыз. Қайырғали Берғалиұлы, Шет ауданы әкімінің орынбасары
Алдағы уақытта арнайы жоба дайындалып, жаңғырту жұмыстары жалғаспақ. Елді мекендердің дамуы үшін электр энергиясы ауадай қажет. Осы уақытқа дейін ауданның экономикалық әлеуеті ақсап келді. Енді электр энергиясымен қамту әбден тұрақталса, инвестиция тартып, жаңа кәсіпорындарды ашу әддеқайда жеңіл болады дейді мамандар.