Элизабет Тұрсынбаева жеке өміріндегі жағымды жаңалықтарымен бөлісті

Сурет: Instagram/elizabetkz
Жекелей сында өнер көрсеткен қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева жуырда өзінің өміріндегі үш маңызды оқиғамен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғашқысы – жоғары білім туралы диплом алуы.

"Жақында дипломымды қолыма алдым. Маған қызыл түс жарасады, сондықтан дипломым да, әрине, қызыл", – деп жазды спортшы Instagram парақшасында.

Оның айтуынша, диплом тапсырудың салтанатты рәсімі мамыр айында өтеді. Диплом алу қуанышы жүргізуші куәлігін иеленумен тұспа-тұс келген. Спортшы туған күнін, диплом алуын және көлік жүргізу куәлігін алуын шағын, отбасылық жағдайда атап өткеніне қуанышты екенін жеткізді.

Сурет: Instagram/elizabetkz

"Осындай қарбаласқа толы ақпан болды", – деп атап өтті Қазақстандағы ең танымал мәнерлеп сырғанаушылардың бірі.

Wikipedia деректеріне сәйкес, Элизабет Мәскеуде дүниеге келген. Мәнерлеп сырғанаудағы алғашқы қадамдарын да сол жерде жасап, кейін Ресей құрамасының қатарына енген. Алайда отбасының шешімімен Қазақстан атынан өнер көрсетуге көшкен болатын.

Бұған дейін Италияда жарақат алған тау шаңғышысы еліне оралғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Тұрсынбаева Элизабет

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды