Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алтынкөл – Жетіген учаскесінде жалпы ұзындығы 32 шақырымды құрайтын екі аралықта екінші жолдардың құрылысы жалғасуда, оны жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, Алтынкөл станциясы мен Қорғас шекаралық өткелі бірыңғай теміржол-шегаралық кешенді құрайды және халықаралық көлік дәлізінің маңызды буыны болып табылады. Аталған торап елдің транзиттік әлеуетін арттыруда ерекше рөл атқарады.

Алтынкөл – Қорғас торабы арқылы экспорт-импорт және транзиттік жүк тасымалының едәуір көлемі жүзеге асырылады. Инфрақұрылым жүктерді жедел өңдеуді, контейнерлерді қайта тиеуді және екі мемлекеттің теміржол қызметтерінің үйлесімді жұмысын қамтамасыз етеді.

"Қазіргі уақытта ауқымды жаңғырту бағдарламасы іске асырылуда. Алтынкөл – Жетіген учаскесінде жалпы ұзындығы 32 шақырымды құрайтын екі аралықта екінші жолдардың құрылысы жалғасуда, сондай-ақ 5 жаңа және 8 қолданыстағы айырықты дамыту жұмыстары жүргізілуде. Бұл желінің өткізу қабілетін тәулігіне 18 жұп пойыздан 33 жұп пойызға дейін арттыруға мүмкіндік береді",- делінген ақпаратта.

Жобаларды аяқтау 2026 жылға жоспарланған. Оларды іске асыру Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік көпір ретіндегі стратегиялық рөлін күшейтіп, ұлттық көлік-логистика жүйесінің тиімділігін арттырады.

Бұған дейін Астанада өтетін экология саммиті Аралдың тағдырын талқыламақ екенін жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды