Астанада өтетін экология саммиті Аралдың тағдырын талқыламақ

Государственная служба, госслужба, госслужащий, госслужащие, государственный аппарат, госаппарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2026 10:23 Фото: Zakon.kz
Солтүстік Арал теңізінің тағдыры 22-24 сәуір аралығында Астанада өтетін халықаралық экология саммитінде кеңінен талқыланады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, Көкарал бөгетін екі метрге көтеру жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі аяқталып, қазір мемлекеттік сараптамадан өткізіліп жатыр. Үкімет жақын арада жобаны қаржыландыру және жұмыстарды бастау туралы шешім қабылдайды. "Хабар" телеарнасының мәліметіне сүйенсек, Аралдың түйінді мәселелері сәуір айында өтетін Халықаралық Экология саммитінде қаралмақ.

Қазіргі таңда Солтүстік Арал теңізін қалпына келтіру жаңа кезеңге аяқ басты. Мақсат – алдыңғы нәтижелерді нығайту, Кіші Аралды тұрақты сақтау үшін кешенді, гидротехникалық, экологиялық және әлеуметтік шараларды тиімді жүзеге асыру. Кіші Арал әрдайым Мемлекет басшысының назарында. Жуырда ғана V Құрылтайда сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев Көкарал бөгетін биіктету шаралары қолға алынып жатқанын атап айтып, тиісті министрлікке нақты тапсырма берген еді. Мәселе, Үкіметте де қаралды.

"Бүгінде Солтүстік Арал теңізінің су көлемі шамамен 23 млрд текше метр. Ал теңізді қалпына келтірудің екінші кезеңінде ондағы су көлемін 34 млрд текше метрге дейін ұлғайту көзделіп отыр. Бірақ бұл оңай шаруа емес. Ал көп түйткілдің шешімі су саласындағы шебер дипломатияға байланысты. Міне, сондықтан сәуір айында Астанада Халықаралық экология саммиті өтпек. Онда теңізді құтқару қорына мүше мемлекеттер басшыларымен Арал мәселесі кеңінен талқыланбақ",- делінген репортажда.

Бұған дейін Үкімет Каспийді зерттеуге және сақтауға 1,1 млрд теңге бөлгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: