Елорда экологиялық саммитке дайындалуда

Астана, город Астана, столица Казахстана, виды Астаны, виды города Астаны, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2026 10:04 Фото: unsplash
2026 жылғы 22-24 сәуір аралығында Астанада өңірлік экологиялық саммит өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагчамен кездесті. Тараптар су ресурстарына қатысты іс-шараларды ұйымдастыру және бірлескен ұсыныстар әзірлеу мәселелерін пысықтауға келісті.

Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су ресурстары саласындағы халықаралық өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған бастамаларын іске асырудағы әлеуетті ынтымақтастық сөз болды.

Атап айтқанда, жиында келесі мәселелер талқыланды:

  • тараптар Мемлекет басшысының БҰҰ құрылымында Халықаралық су ұйымын құру,
  • Қазақстанда Шанхай ынтымақтастық ұйымының Су проблемаларын зерттеу орталығын құру,
  • Орталық Азияның су пайдалану жөніндегі негіздемелік конвенциясын әзірлеу туралы.
"Кездесу соңында министр Раднарагча ханымды Қазақстан Республикасының су секторын дамыту жөніндегі әріптестердің Үйлестіру кеңесінің алдағы отырысына қатысуға шақырды",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Шымкентте алаяқ әйелдің жоқ пәтерлерді жалға бергенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: