Атап айтқанда, импорттық кедендік баждан босатылатындар қатарына өндірісте қолдануға арналған ірі қара еттері қосылды:
Беларусь Республикасына енгізілген жаңа немесе тоңазытылған, мұздатылған ет – 7,5 мың тоннаға дейін;
2025 жылғы 7 қазандағы Еуразиялық экономикалық комиссия коллегиясының шешіміне сәйкес тарифтік квота бойынша:
- Қырғызстан Республикасына жаңа немесе тоңазытылған, мұздатылған ет – 5 мың тоннаға дейін;
- Армения Республикасына мұздатылған ет – 7,5 мың тоннаға дейін, Қазақстан Республикасына – 5 мың тоннаға дейін;
- Ресей Федерациясына мұздатылған ет – 100 мың тоннаға дейін.
Аталған тарифтік жеңілдік импортталатын тауарлардың жоғарыда көрсетілген тауарларға жататынын растайтын құжат болған жағдайда ғана беріледі. Бұл құжат мемлекеттің тиісті органымен шығарылады және ірі қара етін импорттайтын ұйымдар, тауардың атауы мен көлемі туралы ақпаратты қамтиды.
Аталған тарифтік жеңілдік аясында ішкі тұтынуға шығару кеден рәсіміне қойылған тауарларды тек ет өнімдерін өндіруге ғана пайдалану рұқсат етіледі. Сонымен қатар, бұл тауарларды сатып алуға тек мүше мемлекетте тіркелген және ет өнімдерін өндіруші болып табылатын ұйымдар құқылы. Ет өнімдерін өндіруші ретінде қарастыру критерийлері немесе өндірушілер тізімі мүше мемлекеттің заңнамасымен айқындалады.
Ішкі тұтынуға шығару кеден рәсіміне қойылған тауарларды пайдалану және оларға иелік ету бойынша шектеулер:
Егер тауарлар ет өңдейтін кәсіпорындар арқылы рәсімделсе – кәсіпорын қоймасына түскенге дейін, бірақ ішкі тұтынуға шығару кеден рәсіміне қойылған күннен бастап бір жылдан аспауы тиіс;
Егер тауарларды ет өңдейтін кәсіпорындар емес тұлғалар арқылы рәсімдесе – ет өңдейтін кәсіпорындарға сатылғанға дейін, бірақ ішкі тұтынуға шығару кеден рәсіміне қойылған күннен бастап бір жылдан аспауы қажет.
Тауарлардың ет өңдейтін кәсіпорын қоймасына түскенін немесе ет өңдейтін кәсіпорынға сатылғанын растайтын құжат ретінде қабылдау немесе қабылдау‑тапсыру актісі немесе оның көшірмесі қолданылады.
Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей үкіметтері өз территорияларынан осы тарифтік жеңілдікпен ішкі тұтынуға шығарылған тауарларды пайдаланып өндірілген дайын ет өнімдерін басқа мүше мемлекеттерге экспорттауға жол бермеу үшін қажетті шараларды қабылдайды.
Тарифтік жеңілдік 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі аралықта, тауар декларациясы немесе декларациядан бұрын тауарларды шығару туралы өтініш кеден органында тіркелген тауарларға қолданылады.
Шешім 2026 жылғы 9 наурыздан бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға да таратылады.