Павлодарда түзеу мекемесіне екі бөтелке коньяк кіргізбек болған азамат ұсталды

Сурет: polisia.kz
Павлодар қаласындағы №45 мекеме аумағына өндірістік аймаққа жеке кәсіпкерлік нысанына ағаш материалдарын жеткізу мақсатында 24 жастағы азамат басқарған Газель автокөлігі келіп жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

№45 мекеме қызметкерлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6679 әскери бөлімінің кезекші қарауыл жасағы бірлесіп, тексеру іс-шараларын жүргізу барысында көлік құралы мұқият қаралды.

Тексеру кезінде автокөлік салонынан (отыратын орынның астынан, қара пакет ішінен) өзіне тән алкоголь иісі бар, көлемі 0,5 литрден екі шыны бөтелке коньяк анықталып, тәркіленді.

Аталған жүргізуші мекеме аумағына кіру тәртібімен және тыйым салынған заттарды алып кіруге болмайтыны жөнінде алдын ала жазбаша түрде таныстырылған.

Аталған дерек бойынша азаматқа қатысты тиісті шаралар қабылданды.

Материалдар сотқа жолдауға дайындалуда, сондай-ақ тәркіленген сұйықтыққа сот-химиялық сараптама тағайындалды.

Құқық бұзушылық фактісі қызметкерлердің киілетін бейнетіркегіш құралдарына тіркелді.

"Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бақылау-өткізу пунктінен басталады. Мекеме қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің бірлескен жұмысы жедел жағдай мен қауіпсіздікке кері әсер етуі мүмкін тыйым салынған заттардың өтуіне жол бермеуге бағытталған", – деп атап өтті мекеме қызметкерлері.

Мекеме әкімшілігі режимдік аумаққа тыйым салынған заттарды алып кіру немесе алып өту әрекеттері заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Оралда әкімдер мен депутаттың да үрейін алған блогер сотталды

Қазақстанның ресми халық саны аталды

Бас прокуратурада жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті