"Боран соғып, қар жауады". Сейсенбіде Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК 2026 жылғы 10 наурызда Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның барлық 17 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысының батысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың шығысында, солтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда 10 наурызда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді, ал облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Шымкентте 10 наурызда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді, тұман түседі деп болжанады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түркістанда 10 наурызда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді, тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Ақмола облысында қар жауып, бұрқасын жүреді, түнде облыстың батысында, күндіз оңтүстік-шығысында қалың қар жауады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің түнде және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігіндегі екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, шығысында 23-28 м/с дейін жетеді. Көкшетауда 10 наурызда таңертең және күндіз қар жауып, бұрқасын жүреді, батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз облыс көлемінде көктайғақ болады, ал облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 30 м/с және одан көп болады деп күтіледі. Алматыда 10 наурызда күндіз кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болатыны бажайланады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қонаевта 10 наурызда кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттардағы екпіні - 15-20 м/с.

Астанада 10 наурызда кей уақыттарда қар жауып, бұрқасын жүреді, тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде қалың қар жауып, бұрқасын жүреді, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысындағы екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Павлодарда 10 наурызда қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді.

Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын жүріп, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Семейде 10 наурызда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, күндіз бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде қар жауып, бұрқасын жүреді, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с дейін жетеді.

Түнде Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, ал облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің таңертең және күндізгі екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с құрайды. Қарағандыда 10 наурызда түнде және күндіз аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ, тұман болатыны болжанады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің таңертең және күндізгі екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с қамтиды.

Түнде Ұлытау облысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Жезқазғанда 10 наурызда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ, түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді.

Түнде Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Атырауда 10 наурызда солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің түндегі екпіні 15-18 м/с қамтиды.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында көктайғақ, тұман болады деп күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан оңтүстікке ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Оралда 10 наурызда күндіз қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің түнде облыстың шығысындағы екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысындағы екпіні 23-28 м/с болады. Петропавлда 10 наурызда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде кей уақыттардағы екпіні 23 м/с дейін жетеді. Ақтөбеде 10 наурызда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің түндегі екпіні - 15 м/с.

Түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауып, көктайғақ болады, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде облыстың солтүстігіндегі екпіні 25 м/с құрайды. Қызылордада 10 наурызда түнде қар жауып, көктайғақ болады, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, күндіз облыстың солтүстігінде бұрқасын жүреді, ал облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Өскеменде 10 наурызда көктайғақ болатыны болжанады.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарындағы екпіні 30 м/с және одан жоғары болады деп күтіледі.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК Қазақстан бойынша 2026 жылдың 10 наурызына арналған ауа райының жалпы болжамын жариялаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Оралда әкімдер мен депутаттың да үрейін алған блогер сотталды

Қазақстанның ресми халық саны аталды

Бас прокуратурада жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті