Ерлі-зайыптылар бір-бірінің банктік шоттары туралы біле ала ма: Конституциялық сот мәселені қарайды

Фото: pixabay
Конституциялық сот ерлі-зайыптылардың банктік құпияға қол жеткізуіне қатысты мәселені қарастырады. Қазақстандық азаматшаның өтініші негізінде сот "ҚР банктер және банк қызметі туралы" заңның 50-бабы 4-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексереді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Істің мәні

Аталған нормаға сәйкес, банктік құпияны құрайтын мәліметтер тек клиенттің өзіне немесе шот иесінің (мүлiк иесінің) келісімімен үшінші тұлғаға ғана ашылуы мүмкін.

Алайда өтініш иесінің пікірінше, бұл норма ерлі-зайыптылардың біріне ортақ жинақ туралы ақпарат алуға мүмкіндік бермейді және олардың ортақ мүліктегі үлесіне қатысты құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтіреді.

Некені бұзғаннан кейін ортақ мүлікті бөлу туралы талап-арыз дайындау кезінде әйел бұрынғы жұбайының некеде тұрған кезеңде жинаған қаржылық жинақтары туралы мәлімет ала алмаған.

Осыған байланысты ол екінші деңгейлі банктерді тиісті ақпаратты беруге міндеттеу туралы сотқа талап-арызбен жүгінген. Алайда сот оның талабын қанағаттандырудан бас тартқан.

Сот отырысына кімдер қатысты

Конституциялық соттың отырысына:

Конституциялық соттың қорытынды шешімі кейінірек жарияланады.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Қазақстанда бала туғаны үшін қанша төленеді және оны қалай алуға болады