Қазақстандықтардың бір бөлігіне су тарифі төмендетіліп, артық төленген қаражат қайтарылады

Фото: Zakon.kz
Семей қаласы мен Жаңасемей ауданының тұрғындары үшін кейбір коммуналдық қызметтердің тарифтері төмендетіліп, артық төленген қаражат қайтарылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жағымды жаңалықпен 2026 жылғы 12 наурызда Абай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі бөлісті.

"Семей Водоканал" МКК 2025 жылға арналған инвестициялық бағдарламаның бірқатар іс-шараларын орындамай, жоғары тарифтер бойынша табыс алған. Нәтижесінде тұтынушылар салқын сумен жабдықтау қызметтері үшін 375,1 млн теңге, ал кәріз қызметтері үшін 103,7 млн теңге көлемінде артық төлем жасаған.

Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде заңсыз шешімдердің күші жойылып, кәсіпорын 13,8 млн теңге мөлшерінде айыппұл салу арқылы әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Семей қаласы мен Жаңасемей ауданының тұрғындары үшін артық төленген қаражатты қайтару 2026 жылы уақытша өтемдік тариф енгізу арқылы қамтамасыз етіледі. Салқын сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің құны 12%-ға дейін төмендетілді.

110 мыңнан астам тұтынушының құқықтары қорғалды, оның ішінде 106 мың жеке тұлға, 3,3 мың заңды тұлға және 14 инвестор бар.

Азаматтардың құқықтарының сақталуы мәселелері Абай облысы прокуратурасының тұрақты бақылауында.

Өскемен
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі