Польшада күмәнді жағдайда жоғалған қазақстандық әйел өлі күйінде табылды

Сурет: Facebook/Александра Гидион
Польшада күмәнді жағдайда жоғалып кеткен Қазақстан азаматы Екатерина Шилова өлі күйінде табылды. Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, қазақстандық әйел кісі қолынан қаза тапқан. Марқұмның әпкесінің айтуынша, кісі өлтіруге күдікті адам ұсталған.

"ҚР Сыртқы істер министрлігі Польша аумағында Қазақстан азаматы Екатерина Шилованың қаза тапқаны туралы ақпаратты растайды. Польшадағы Қазақстан елшілігі марқұмның туған-туыстарымен, сондай-ақ Польша тарапының құзырлы органдарымен байланыста. Консулдық-құқықтық мәселелер, оның ішінде мәйітті отанына қайтару бойынша қажетті көмек көрсетілуде", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұл мәселе министрліктің бақылауында.

"Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз", – делінген СІМ хабарламасында.

Еске салайық, 2026 жылғы 26 ақпанда Қазақстан азаматы Екатерина Шилова Варшава қаласында Астанаға ұшар алдында жоғалып кеткені белгілі болған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды

Тоқаев Марокко мен Кубаға жаңа елшілерді тағайындады: олар туралы не белгілі

Марат Байқамуров дзюдодан Grand Slam турнирінің қола жүлдесі үшін белдеседі