Ол мәдениет және ақпарат министрлігін осындай қауесеттердің алдын алғаны үшін алғыс айтты.
"Бюллетеньдер алдын ала сайлаушылардың пәтерлеріне таратылады деген қауесеттер тарады. Сіздер бұл қауесеттерді дипфейктерге қарсы орталық арқылы дереу тоқтатқаныңыз үшін рахмет. Қабылданған жедел шаралардың арқасында жағдай бағаланды.Қауесеттерді дереу тоқтатқандарыңыз өте дұрыс болды", – деді Әбдіров.
Оның айтуынша, мұндай жағдай заңға қарсы, орын алмайтын нәрсе.
"Процедура бойынша бәрі былай жүзеге асады. Бюллетеньдер – қатаң есепке алынатын құжаттар, әрбір бюллетень рет саны бойынша есептеледі. Олар баспаханадан белгілі деңгейдегі қорғаумен шығады. Содан кейін полиция қызметкерлерінің күзетімен аумақтық сайлау комиссияларына жеткізіледі. Ал дауыс беруге бір-үш күн қалғанда, заңға сәйкес сайлау учаскелеріне жеткізіледі. Бюллетеньдер осы уақытта полицияның күзетінде болады, олар жауапкершілік атқарады. Сондықтан мұндай жалған ақпарат өте қауіпті", – деп қосты спикер.
Еске салсақ, бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрлігі референдумге үгіт жүргізу кезінде анықталған заң бұзушылықтар туралы хабарлаған еді.