Шымкентте +15°С дейін: 14–16 наурызға арналған ауа райы болжамы

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 14–16 наурызға арналған еліміздің үш ірі қаласы бойынша егжей-тегжейлі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Егер Астана мен Алматыға көктем баяу жетіп жатса, Шымкентте күн айтарлықтай жылынады: ауа температурасы +15°С-қа дейін көтеріледі.

Астана қаласындағы ауа райы

14 наурыз:

Ауа райы құбылмалы бұлтты, түнде аздаған қар жауады. Көктайғақ болуы мүмкін. Күндіз желдің екпіні секундына 12 метрге дейін жетеді.

Температура: түнде -2…-4°С, күндіз 0…+2°С.

15 наурыз:

Құбылмалы бұлтты, түнде қар жауып, жаяу боран болуы мүмкін, көктайғақ күтіледі. Күндіз жауын-шашын (жаңбыр мен қар) болуы ықтимал, кей жерлерде тұман түседі.

Желдің жылдамдығы 9–14 м/с.

Температура: түнде -3…-5°С, күндіз 0…+2°С.

16 наурыз:

Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман.

Желдің жылдамдығы 7–12 м/с.

Температура: түнде -5…-7°С, күндіз +2…+4°С.

Ал Алматы мен Шымкентте үш күн бойы жауын-шашын күтілмейді.

Алматы қаласындағы ауа райы

14 наурыз:

Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел әлсіз.

Температура: түнде -5…-7°С, күндіз +4…+6°С.

15 наурыз:

Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман.

Температура: түнде -4…-6°С, күндіз +5…+7°С.

16 наурыз:

Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман.

Температура: түнде -3…-5°С, күндіз +5…+7°С.

Шымкент қаласындағы ауа райы

14 наурыз:

Аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Желдің жылдамдығы 10 м/с-қа дейін.

Температура: түнде -4…-6°С, күндіз +10…+12°С.

15 наурыз:

Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8–13 м/с.

Температура: түнде -2…-4°С, күндіз +12…+14°С.

16 наурыз:

Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8–13 м/с.

Температура: түнде 0…-2°С, күндіз +13…+15°С.

Бұған дейін синоптиктер Шығыс Қазақстан облысындағы ауа райының күрт өзгерісі туралы да мәлімет берген еді. Бір күннің ішінде температура айырмасы 45°С-қа дейін жеткен.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

Филиппиндегі жер сілкінісінен кейін теңіз түбі екі метрге көтерілді

AMANAT мүшелері "Әділет" партиясына қалай өтеді

"Құрметті азамат" атағы кімдерге және қалай беріледі