Елордада полицейлер ана мен сәбиге көмек қолын созды

Фото: Zakon.kz
Салқын ауа райына қарамастан, таңғы сағат 08:20 шамасында Астана қаласы полиция департаменті патрульдік полиция мамандандырылған батальонының экипажы Керей мен Жәнібек хандар көшесі мен Әл-Фараби даңғылының қиылысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметін атқарып тұрған.

Осы сәтте қолында үш айлық сәбиі бар әйел полиция қызметкерлерінен көмек сұрап жүгінді. Әйелдің айтуынша, ауа райының суықтығы мен қала жолдарындағы көлік кептелісіне байланысты АҚШ елшілігіне құжат алу үшін белгіленген уақытқа үлгермеу қаупі туған.

Егер ол уақытында жетпесе, шетелге шығуына қажетті құжаттарын ала алмай қалуы мүмкін еді. Жағдайдың маңыздылығын түсінген тәртіп сақшылары — полиция аға лейтенанты Дамир Қазиханов пен полиция капитаны Бейбіт Бердібаев дереу әрекет етіп, ана мен баланы қызметтік автокөлікпен қажетті жеріне жеткізіп салды.

"Осындай қиын сәтте полиция қызметкерлерінің бейжай қалмай, бірден көмек көрсеткені үшін шын жүректен алғыс айтамын. Суық күнде үш айлық баламен жолда қалу мен үшін өте ауыр жағдай болды. Олар жағдайды түсініп, бірден қол ұшын созды. Қаламызда осындай мейірімді, жауапты әрі кәсіби қызметкерлердің бар екенін білу – үлкен қуаныш, – дейді қала тұрғыны.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрі жанашыр әрекеттерінің арқасында әйел қажетті жеріне дер кезінде жетіп, құжаттарын рәсімдеуге мүмкіндік алды.

Астана полицейлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар, қала тұрғындары мен қонақтарына кез келген жағдайда көмек көрсетуге әрдайым дайын екенін атап өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі