Көлік министрлігі ақылы жолдарда төлем жасау ережелерін жеңілдетті

Фото: Zakon.kz
Қазақстанның Көлік министрлігі ақылы автомобиль жолдарымен жүру ақысын төлеу тәртібін реттейтін ережелерге өзгерістер енгізді – тиісті бұйрыққа қол қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжат ақылы жолдарды пайдаланушылар үшін төлем жасаудың икемді әрі ыңғайлы тетігін көздейді және төлемді уақытында жүргізбеу салдарынан жүргізушілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту жағдайларын азайтуға бағытталған.

Жаңа өзгерістер ақылы жолдарды пайдаланушылар үшін төлем жасау тәртібін жеңілдетіп, икемдірек етуге бағытталған. Сондай-ақ жолақысын уақытында төлемегені үшін жүргізушілердің әкімшілік жауапкершілікке тартылу жағдайларын азайту көзделіп отыр.

Бұған дейін қолданыста болған нормаға сәйкес, жүргізуші жолақысын жеті күнтізбелік күн ішінде төлемеген жағдайда, сегізінші күні материалдар Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне сәйкес қарау үшін көліктік бақылау органдарына жіберілетін.

Енді жаңа тәртіп бойынша, егер жеке тұлға жол жүрген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде төлем жасамаса, материалдар 31-ші күні заңнамада белгіленген тәртіппен көліктік бақылау органдарына жолданады.

Сонымен қатар алғаш рет жеке және заңды тұлғалар үшін бөлек тәртіп енгізіліп отыр. Егер заңды тұлға есепті айдан кейінгі айдың 20-сына дейін төлем жасамаса, материалдар келесі күні көліктік бақылау органдарына жіберіледі.

Аталған өзгерістер республикалық маңызы бар ақылы жол учаскелерімен жүргені үшін төлем жасауға жүргізушілерге қосымша уақыт береді.

Қол қойылған бұйрық Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін