Қарағанды облысында ұрлықты кәсіп еткен күдікті ұсталды

Фото: Zakon.kz
Қарағандыда 46 жастағы дүкен иесі ұрлықтың құрбаны болды. Белгісіз адам оның сауда орнынан шамамен 36 мың теңгенің тауарын ұрлап кеткен.

Келесі күні осындай мазмұндағы тағы бір арыз жанармай құю бекетінен түсіп, онда сөрелерден жалпы құны 33 220 теңгенің тауары қолды болғаны белгілі болды.

Жедел-тергеу тобы жүргізген шаралардың нәтижесінде 33 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Жауап алу барысында ол тек осы екі дерекке ғана емес, басқа да бірнеше ұрлық фактісіне қатысы бар екенін мойындады. Күдіктінің айтуынша, ол әртүрлі нысаннан ұрлық жасаған.

Атап айтқанда, жанармай құю бекеттерінің бірінен құны 29 мың теңге тұратын тауарды ұрлаған. Сондай-ақ танысының пәтерінен телефон ұрлап, 135 мың теңге көлемінде шығын келтірген. Сауда үйіндегі бутиктен 25 мың теңге тұратын құлаққаптарды жымқырған.

Қаланың басқа бөлігіндегі жанармай бекетінде 28 мың теңгенің тауарын алып кеткен. Ал соңғы дерек бойынша техника дүкенінен 25 мың теңге тұратын дыбыс колонкасын ұрлаған.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Полиция оның Қарағанды аумағында жасалған өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады