Алматыдағы сауда орталықтарында мерекелік жеңілдіктер жалғасуда

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматыда Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған ауқымды "Nauryz Sale" мерекелік науқаны жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылы 13-23 наурыз аралығында қала тұрғындары мен қонақтары мегаполистің ірі сауда-ойын-сауық орталықтарында азық-түлік пен түрлі тауарларды 10-30% жеңілдікпен сатып ала алады. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді.

Науқанға қаланың бірқатар сауда орталықтары қосылды. Атап айтсақ, Forum Almaty, Globus, Mega Park, Aport East, Almaty Mall, Dostyk Plaza, Moskva, Mart, Sputnik Mall және Maxima.

Сондай-ақ, келушілерге жеңілдіктермен қатар, мерекелік мәдени-ойын-сауық бағдарламалары да әзірленген:

"Негізгі мәдени бағдарлама 20-23 наурыз аралығында өтеді, дегенмен мерекелік көңіл күй қазірдің өзінде қаладағы сауда орталықтарында сезіле бастады",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін бүгін Алматыда бір шартпен мұз айдындарында тегін сырғанауға болатындығын жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,8 трлн теңгеге жетті: Қаржы министрлігі түсініктеме берді

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі