Ұшақта толғағы қысқан әйелге дәрігер көмек көрсетті

Фото: Zakon.kz
Ұшақта толғағы қысқан келіншекке оралдық дәрігер алғашқы көмек көрсетті.

Оқиға "Астана-Орал" бағытындағы ұшақта болған. Түнгі сағат 11-де көкке көтерілген әуе көлігінде аяғы ауыр келіншектің толғағы ұстайды, qazaqstan.tv.

Оған борттағы жолаушы Орал қалалық ауруханасының дәрігері Таубай Байжекенов бірден алғашқы көмек көрсетеді.

Құрсағында 6 жарым айлық шаранасы бар әйелдің суы кетіп, қатты қиналады. Ұшақ түнгі сағат 12-лерде Астана әуежайына кері қайтып, әйел "жедел жәрдемге" тапсырылады.

Кейін дәрігер сол ұшақпен Оралға қонған кезде келіншектің босанғанын естиді. Ұл бала Астанада аман-есен дүниеге келді.

"Баланың басы келіп тұр, бірақ босану әрекеті жоқ. Сонымен бірге науқаста ұшақ қонғанға дейін 400-500 милилитрдей қан кетті. Ең басты әрекет – тактика болды бұл жерде. Өйткені 27 апталық жүктілік деген ол босанғанның өзінде ұшақта, реанимациялық көмек керек болады балаға да, анаға да. Сондықтан капитанға ескерттік "Біз қазір мына жерде босандыра алмаймыз, қауіп жоғары" деп. Сондықтан Астанаға қайтып ұшуға тура келді. Содан "жедел жәрдем" қызметіне тапсырдық. Қайта Оралға ұштық, сол кезде хабар келді. Босанған екен аман-сау." Таубай Байжекенов, қалалық Көпбейінді ауруханасының хирург дәрігері
Қазақстан
Орал
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтар eGov.kz және мемлекеттік сайттардың жұмысындағы ақауларға шағымданды

Құрылтай депутаттарын сайлау: шетелдегі учаскелер қалай жұмыс істейді

Алаяқтар қазақстандықтарды қалай алдайды – ең көп таралған айла-тәсілдер аталды

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы декларацияны кім тапсырады

31 мың көрермен және 50 елден келген жанкүйерлер: Алматы Канье Уэстің концертінен қанша табыс тапты