Қайтадан жаңбыр мен қар: 22 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Фото: unsplash
Zakon.kz хабарлауынша, "Қазгидромет" 2026 жылғы 22 наурызға Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамын жариялады.

Болжамға сәйкес, жексенбіде Қазақстанның үш бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

"Елдің батысы, солтүстігі және оңтүстігінде атмосфералық фронттардың ықпалымен ауа райы тұрақсыз болады: жаңбыр мен қар жаууы мүмкін, ал батыстың шеткі аймақтарында және оңтүстік облыстардың таулы жерлерінде найзағаймен жаңбыр күтіледі", – деп хабарлады "Қазгидромет".

Қалған аумақтарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Сонымен қатар республика бойынша тұман күтіледі; солтүстікте және орталықта – көктайғақ, батыс, солтүстік және оңтүстікте жел күшейеді; батыста – шаңды дауыл болуы ықтимал.

Еске салсақ, жақында Қазақстанда бүкіл тарихтағы абсолюттік температуралық рекорд жаңартылған еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды