Бүгін, 2026 жылғы 29 наурызда Көкшетау қаласының тұрғындарынан 1988 жылы туған ер адам ұзақ уақыт бойы пәтер есігін ашпай, байланысқа шықпай жатқаны туралы хабарлама түскен.
"ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары полиция қызметкерлерімен альпинистік жабдықтарды пайдалана отырып, бес қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің 4-қабатында орналасқан пәтерге кіріп есікті ашты", - деп хабарлады ведомство.
Құтқарылғаннан кейін ер адам жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.