Ғылым мен цифрландыруды қаржыландыру жаңа механизм бойынша жүзеге асырылады

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2026 жылғы 31 наурызда Үкімет отырысында Қазақстан премьер-министрінің орынбасары, жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев ғылым мен цифрландыруды қалай қаржыландыру жоспарланып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаслан Мадиев жаңартылған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ) мен цифрландыруды қаржыландыру механизмінің дайын екенін жеткізді.


"Қаржы мынадай түрде бөлінеді: 0,5% – Astana Hub арқылы цифрландыруға; 0,5% – ғылым мен жоғары білім министрлігінің механизмдері арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдауға. Қазіргі уақытта тиісті заңнамалық түзетулер енгізу жұмыстары жүргізілуде", – деді министр.

Министрдің айтуынша, барлық процестердің ашықтығы Ұлттық инновациялық жүйенің Біріккен терезесі арқылы онлайн режимінде қамтамасыз етіледі.

Алдағы уақытта мониторинг тиімділігін арттыру және ашық бәсекелестікті қамтамасыз ету мақсатында жасанды интеллект құралдары қолдану жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жаслан Мадиев Қазақстанда автопилоттық технологияларды дамыту жоспары туралы мәлімдеген еді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

"Қазгидромет" Алматы мен тағы бір қала тұрғындарына ескерту жасады

Алматыда Меладзе концертіндегі жанжалға қатысқан әйелдер жазаланды

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды