ChatGPT-ке рұқсат берілгенімен студенттерге бірқатар талаптар қойылды: ЖОО-ларда ереже қалай өзгеруде

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 31 наурызда Үкіметтегі брифингте Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда жоғары оқу орындарында жасанды интеллектіні қолдануға тыйым салынбайтынын, бірақ оны қорытынды жасау үшін пайдалануға болмайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер қазіргі таңда бірыңғай ұсыныстар бар ма және жалпы жасанды интеллектіні пайдалану бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейінде қалай реттеліп жатқанын сұрады.

"Өткен жылы барлық реттеуші құжаттарға өзгерістер енгізілген. Бұл диссертация жазуға, студенттердің өздік жұмыстарына және жазбаша жұмыстарға қатысты. Жасанды интеллектіні қолдануға толық тыйым салынбайды. Себебі жаңа буын алгоритмдермен жұмыс істеуді үйренуі керек. Дегенмен, оны механикалық түрде, яғни ойланбай қолдануға болмайды. Алгоритмдерді көмекші құрал ретінде бірге пайдалану қажет. Мысалы, үлкен деректерді өңдеуге қолдануға болады, бірақ міндетті түрде көрсету керек: қандай алгоритм қолданылды, нәтижесінде қандай қорытынды алынды және оны қалай толықтырдың". Саясат Нұрбек

Министрдің сөзінше, ең басты талап – қорытындыны студенттер мен ғалымдар өздері жасауы тиіс. Жасанды интеллект бұл жерде тек көмекші құрал болуы керек. Қазіргі уақытта осы нормалар әзірленіп жатыр және болашақ Цифрлық кодекс аясында толықтырылады.

Министрдің пікірінше, негізгі мәселе студенттерде емес, оқытушыларда.

Оның айтуынша, қазіргі таңда "цифрлық алшақтық" өте үлкен. Яғни, кейбір оқытушылар жасанды интеллектіні мүлде қолданбайды. Ал оны қолданатын адам мәтіннің жасанды интеллект арқылы жазылғанын бірден байқай алады.

"Сол себепті өткен жылдан бастап Қазақстан OpenAI компаниясымен келісім жасасқан. Биылдан бастап шамамен 60 мың ЖОО мен ғылыми-зерттеу институттарының қызметкері, оның ішінде басшылар да, жасанды интеллектіні қолдану бойынша оқудан өтеді. Әрқайсысына 3 жылға тегін лицензия беріледі. Бұл – ChatGPT негізінде жасалған арнайы білім беру нұсқасы – ChatGPT Education",- деді ол.

Министрдің айтуынша, ендігі міндет – барлық оқытушыларды осы технологияларды дұрыс пайдалануға үйрету, олардың қалай жұмыс істейтінін түсіндіру және студенттердің оны қалай қолданып жатқанын нақты бақылау.

Бұған дейін Қазақстанда оқу ақысы мен шәкіртақы қалай өзгеретіндігін жазғанбыз.

Қазақстан
Нұрбек Саясат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі