Астанада 20 млн теңгеге алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

Фото: Zakon.kz
Астана қаласында ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша 39 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті жәбірленушінің сеніміне кіріп, Toyota Land Cruiser автокөлігін сатып алып беретінін сылтау еткен.

Алайда ол алған міндеттемесін орындамай, алдау жолымен жәбірленушіден 20 млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты заңсыз иемденген.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі таңда қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарды сақ болуға, автокөлік сатып алу-сату барысында күмәнді ұсыныстардан аулақ болуға және ірі қаржылық мәмілелерді тек ресми, заңды жолмен рәсімдеуге шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыда алғашқы қар жауып, күн -4°C-қа дейін суытады

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек