500 дәрігер Үндістанда тегін тәжірибеден өтеді

Фото: pixabay
500 медицина маманы Үндістанда тегін тәжірибеден өтеді. Тағылымдамадан өту алдағы 5 жылға жоспарланған.

Бұл туралы Алматыда Үндістан мен Қазақстан арасында ынтымақтастықты дамыту мақсатында өткен медициналық туризм форумында айтылды.

Шара аясында бұдан бөлек 3 меморандумға қол қойылды, деп жазады qazaqstan.tv.

Қалада өткен халықаралық деңгейдегі басқосу денсаулық сақтау саласындағы серіктестікті кеңейтіп, шетелдік жетекші мамандарды тартуға мүмкіндік берді.

Үндістан елшілігінің қолдауымен өткен жиында онкология, трансплантология және нейрохирургия салаларындағы тәжірибелі дәрігерлер бас қосты.

Сарапшылар күрделі ауруларды емдеудің заманауи тәсілдерімен бөлісіп, жоғары технологиялық медициналық көмекті дамыту жолдарын талқылады.

Индиядан туристерді осындай медициналық чикаптарға алып келу, емдеу орындарына орналастыру, көрсету, таныстыру мақсатында жасалынып жатқан форум. Бұл форумның ең басты мақсаты – Қазақстан мен Индияның жеке кәсіпкерлерін, халықаралық институттарын бір-бірімен таныстырып, қарым-қатынаста болуларын біз қалаймыз. Еркебұлан Әбейхан, қалалық туризм басқармасының бөлім басшысы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жедел тіркеу іске қосылады

Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты