Астанада электр энергиясының тарифі 12,5%-ға қымбаттауы мүмкін
Фото: unsplash
"Астана-АЭК" АҚ басқарма төрағасы Руслан Абжанов 25 мамырда Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетіндегі қоғамдық тыңдауда елордадағы электр энергиясы тарифін көтеру жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, тарифті 12,5%-ға арттыру ұсынылған.
"Астана-АЭК" АҚ электр энергиясының шекті бағасын 31,18 теңгеден 35,07 теңге/кВтсағ-қа дейін көтеруге өтінім берді", – деді Руслан Абжанов.
Компания тарифті қайта қарау қажеттігін бірнеше фактормен түсіндірді. Атап айтқанда:
- электр энергиясын сатып алу және тасымалдау құнының өсуі;
- KEGOC қызметтері бағасының қымбаттауы;
- қуат нарығындағы шығындардың артуы;
- теңгерімдеуші нарықтағы шығыстардың көбеюі;
- сараланған тарифтер мен тариф өсіміне енгізілген мораторий салдарынан қалыптасқан шығындарды өтеу қажеттігі.
Табиғи монополияларды реттеу комитеті бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім кейінірек қабылданатынын атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Астанада электр энергиясы тарифінің ықтимал қымбаттауына қатысты пікір білдірген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript