Қазақстанда агроөнеркәсіп кешенін несиелеу мүмкіндіктерін кеңейту жоспарлануда

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандыру шеңберіндегі субсидиялау қағидаларына өзгерістер жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта мынадай өзгерістер қарастырылған:

Министрліктің түсіндіруінше, бұл түзетулер агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейту қажеттілігіне байланысты әзірленген. Атап айтқанда, кепілдендіру құралдарының қолжетімділігін арттыру, кредиторлар тізімін кеңейту және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін мемлекеттік қолдау шараларымен кеңінен қамту көзделіп отыр.

Сондай-ақ инвестициялық жобаларды, оның ішінде айналым қаражатын қамтитын және қайтарымды негізде қаржыландырылатын жобаларды қолдау жоспарлануда.

Бұдан бөлек, құжатта кредит қаражатын мақсатсыз пайдаланған жағдайда қолданылатын шараларды кредит түріне байланысты саралау ұсынылады.

Құжат 20 сәуірге дейін "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауға ұсынылған.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев